Ауқымды жоба, Қазақстанның энергия жүйесінің сенімділігін арттыруға, жетіспейтін энергетикалық қуаттардың орнын толтыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бұл электр станциясы, әлеуметтік тіршілікті қамтамасыз ететін объектілерге электр энергиясын үздіксіз жеткізе алады. Сонымен қатар, Қазақстанның көрші елдерге энергетикалық тәуелділігін төмендетіп, энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Бұл жобаны іске асыру бойынша құрылыс барысында 3200-ге жуық уақытша, ал электр станциясы қолданысқа берілгеннен соң 400-ден аса тұрақты жұмыс орындары ашылмақ. Яғни осы өңірдегі жұмыссыздық мәселесінің оң шешім табуына ықпалы мол болмақ.
Бұл туралы толығырақ төмендегі видематериалдан танысуға болады: