К 30-летию Независимости Казахстана | 05 желтоқсан 17:45

Түркістан облысының Тайқоңыр кентінде екі КТПН-400 трансформаторы орнатылып, іске қосылды

Бұл трансформаторларды «Инкай» БК» ЖШС сатып алған болатын. ​

Ұзақ уақыт бойы ауыл тұрғындары электр қуатының үзілуіне байланысты қолайсыздықты бастан кешіріп келді, бұл әсіресе қыста жиі қайталанатын. Енді мәселе шешілді.

Бұл – «Инкай» мен Созақ ауданы әкімдігі арасындағы өзара ынтымақтастық және әлеуметтік жобаларды іске асыру туралы меморандум шеңберінде орындалған кезекті жоба.

 

Бұған дейін Шолаққорған ауылындағы екі көшеде және Тайқоңыр ауылының орталық көшесінде электр жарығы жүргізілген болатын.