К 30-летию Независимости Казахстана | 03 мамыр 10:17

Түркістанда Nomad Time Kazatomprom жарысы өтті

ЕТҰ және KО командалары арқан тарту, қошқар көтеру, асық ату және тоғызқұмалақ сияқты ойын түрлерінен мықтыларды анықтады.

Командалық есепте 1-орынды «ОТХК» командасы, 2-орынды «Қазатомөнеркәсіп-Сауран» командасы, 3-орынды «СКЗ-U» командасы иеленді.

 

«Бүгінгі ұлттық ойындардың үздік спортшылары Қазатомөнеркәсіп атынан Самұрық-Қазына Спартакиадасына қатысады», – деді компанияның басқарма төрағасы Ержан Мұқанов жеңімпаздарды құттықтау кезінде.