К 30-летию Независимости Казахстана | 23 желтоқсан 09:26

Түркістанда «Самұрық-Қазына» жастарының форумы өтті

Шараға Қор тобының әртүрлі жұмысшы мамандықтарынан 150 адам қатысты.

Аталған форум ҚР президентінің 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауына орай ұйымдастырылды. Форумның мақсаты – жас мамандар арасындағы қарым-қатынасты дамыту және ұжымдық бірлікті нығайту.

 

Форум қатысушылары тәжірибе алмасып, басқа ұйымдардың жұмысы туралы көбірек біліп, өңірдің тарихымен тереңірек танысты. Сондай-ақ, жастар әйгілі Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барып қайтты.

 

Форумда «Самұрық-Қазына» корпоративтік басқару және әлеуметтік мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов сөз сөйлеп, қатысушылармен сұрақ-жауап сессиясын өткізді.