Еліміздің рухани астанасынан Түркияның ең ірі шаһарына 21 наурыздан бастап аптасына 2 рет – жұма және жексенбі күндері Airbus A320 ұшақтарымен орындалатын болады. Түркістаннан жайлы әуелайнерлер сағат 8:40 ұшып шығып, Ыстамбұлға 10:35 қонады. Кері бағыттағы рейс жергілікті уақыт бойынша 11:20 ұшып, Нұр-Сұлтан уақытымен 18:25 келеді.
«Қазақстан мен Түркия рухани байланысы мықты елдер, ал Түркістан мен Ыстамбұл арасында ашылып жатқан тікелей рейстің пайда болуымен бұл байланыс одан әрі нығая түсетініне сенімдіміз. Осылайша еліміздің оңтүстік өңірлерінің тұрғындары, яғни Түркістан облысы ғана емес, сонымен қатар шымкенттіктер де, сондай-ақ қызылордалықтар Түркияның жүрегі болып саналатын қаласына тез, ыңғайлы, ең бастысы қолжетімді бағаға жетіп, демалыс күндерін өткізе алатын болады», – деді FlyArystan коммерциялық жоспарлау бөлімінің басқарушысы Ренат Абулханов.
Лоукостер басқарушысының айтуынша, әуекомпания флотының ұлғаюымен аймақтық байланыспен қатар, бағдарлар желісін халықаралық бағыттармен кеңейтудің тамаша мүмкіндігі пайда болды.
«Компания құрылған сәттен бастап біз Алматы мен Нұр-Сұлтан ірі қалалары арқылы ғана емес, Қазақстанның өңірлеріне/өңірлерінен тікелей әуе қатынастарды дамытуға күш жұмсалып жатыр. Биылдың алғашқы шетелдік қаласы Ыстамбұл және біз саяхатшылар арасында бұл бағыт сұранысқа ие болады деп үміттенеміз», – деді Ренат Абулханов.