Тиісті шешім эпидемиологиялық жағдайдың өзгеруіне және Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешіміне байланысты қабылданды.
Аталған шешімге сәйкес, сондай-ақ Өзбекстан, Қырғызстан және Украинаға келесі бағыттар бойынша рейстер санын ұлғайтуға рұқсат етілді:
Алматы-Ташкент-Алматы: аптасына 4-тен 8 рейске дейін («Эйр Астана» мен Uzbekistan Airways 2 рейсі қосылады); Алматы-Бішкек-Алматы: аптасына 3-тен 5 рейске дейін («Эйр Астана» 2 рейсі қосылады); Алматы-Киев-Алматы: аптасына 1-ден 2 рейске дейін («Эйр Астана»1 рейсі қосылады).Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компанияларының сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.