К 30-летию Независимости Казахстана | 27 қараша 16:34

Түркияда Транскаспий халықаралық көлік бағдарының дамуы талқыланды

Ыстамбұлда "Trans-Caspian Connectivity: Experience, Changes and Results" дөңгелек үстелі аясында "KTZ Express" АҚ Бас директорының логистика жөніндегі орынбасары ("ҚТЖ" ҰК" АҚ еншілес ұйымы) Айбек Қапар Транскаспий халықаралық көлік бағдарын (ТХКБ) дамытуға бағытталған компанияның негізгі бастамаларын ұсынды. 

Іс-шараға Қазақстан, Әзірбайжан, Грузия, Түркия және басқа да елдер өкілдерінен тұратын ТХКБ жұмыс тобының мүшелері қатысты.

Спикер ТХКБ-ның Қытайды, Орталық Азияны және Еуропаны байланыстыратын негізгі көлік артериясы ретіндегі стратегиялық маңыздылығын атап өтті.

ТХКБ дамыту үшін "ҚТЖ" ҰК" АҚ компаниялар тобы маршрут бойындағы терминалдық инфрақұрылымды белсенді түрде кеңейтуді жалғастыруда. Сиань қаласындағы Қазақстан-Қытай терминалына қосымша Ақтау порты базасында контейнерлік хаб, сондай-ақ Алматыда логистикалық терминал құрылысы басталды. Сондай-ақ, Алят портында, Будапештте және басқа да негізгі нүктелерде жаңа терминалдар салу жоспарлануда, бұл халықаралық деңгейде маршруттың позициясын айтарлықтай нығайтуға мүмкіндік береді.