К 30-летию Независимости Казахстана | 09 ақпан 11:17

Уран саласында 30 жыл қызмет еткен еңбек ардагері

Қазатомөнеркәсіп кәсіпорындарында отандық атом саласының бастауында тұрған қызметкерлер көп. Олардың қажырлы еңбегінің арқасында кәсіпорындар құрылып, жаңа өндірістер ашылған. Мысалы, «Семізбай-U» ЖШС Иіркөл филиалының аға шебері Тұрғанбеков Дүйсенбек Түкенұлының жалпы жұмыс өтілі 40 жыл болса, соның 30 жылын ол уран өндірісіне арнаған.

Дүйсенбек Түкенұлы өзінің еңбек жолын бұрғылау қондырғыларының машинисі қызметінен бастады. Көптеген жылдар бойы ол сауатты, жауапты және тәртіпті қызметкер ретінде танылған ұжымда ерекше құрметке бөленді. Жас мамандарға тәлімгер болды: оның шәкірттері әрқашан жұмыста жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгенін ардагердің өзі мақтан тұтады.

Дүйсенбек Түкенұлында «Атом саласының еңбек сіңірген қызметкері» 1, 2 және 3-дәрежелі төс белгілері, «Еңбек ардагері» медалі бар. 2022 жылдың желтоқсанында ол құрметті демалысқа шықты.

Дүйсенбек Түкенұлы Қазатомөнеркәсіп әлеуметтік жауапкершілік пен корпоративтік мәдениет саласындағы жұмысты жетілдіре отырып, уақытпен қатар дамып келеді деп есептейді.

«Тұрақтылық пен ертеңгі күнге деген сенімділік, толық әлеуметтік пакет, әр қызметкерге, сондай-ақ олардың отбасыларына көңіл бөлу және қамқорлық жасау, бейіндік қызмет түрлері бойынша мамандарды тегін оқыту, тұрақты және бәсекеге қабілетті жалақы – мені және менің көптеген әріптестерімді ұзақ жылдар бойы атом холдингінде жұмыс істеуге ынталандырды. Компанияда сапалы әрі қауіпсіз еңбек ету үшін барлық жағдай жасалған», – дейді сеніммен Дүйсенбек Тұрғанбеков.