К 30-летию Независимости Казахстана | 09 шілде 16:35

Вьетнамдық компания Qazaq Air-ді 2 млрд теңгеге сатып алады

Көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысынанк ейін өткен баспасөз мәслихатында Qazaq Air әуе компаниясын сату мәмілесінің егжей-тегжейін айтты.

«Мамыр айында Президент Qazaq Air-дің вьетнамдық компанияға сатылатынын хабарлады. Ол мәміле қашан аяқталады, комапняиның қарызы бар екенін ескерсек, құны қанша болады?» - деп сұрады журналист. 

Министр бұл мәміле күзде мәресіне жететінін айтты.

«Келісімшарттың бір сатысына қол қойылды. Қыркүйектің аяғына дейін мәмілені аяқтаймыз деп отырмыз. Келісімшартта Qazaq Air-дің бүкіл қарызын өтеу міндеттелген. Төлемнің кезеңі әлі анықталған жоқ. Екіншіден, сатып алушы компанияның Қазақстан ішінде және сыртына тасымал жасайтын 20-дан кем емес әуе көлігін тіркеу міндеттемесі қарастырылған. Жалпы инвестордың өзі 20 емес 50-ге дейін әуе көлігін тартамын деп отыр. Яғни, нарықта тағы бір айтарлықтай күшті ойынша пайда болады деген сөз. Масыл, SCAT компаниясында 50-ге жуық борт, Air Astana-да 54 борт бар. Сонда нарықта солармен шамалас үшінші ойыншы болады. Бұл бәсекеге, билеттердің бағасына оң әсер ететіні сөзсіз», - деді ол.

Ведомство басшысы келіссөзді «Самұрық-Қазына» қоры жүргізіп жатқанын еске салды.

«Келісімшарттың құны бар. Меніңше, 2 млрд теңге шамасында болды-ау деймін. Жалған ақпарат болмау үшін қосымша тексереміз, хабарлаймыз», - деді Марат Қарабаев.