Бүгін елордада өткен баспасөз мәслихатында тілшілер Вьетнам компаниясы сатып алып жатқан Qazaq Air-ге қатысты сұрақ қойды.
Өз кезегінде вице-министр Талғат Ластаев аталған келісімшарт қашан бекітілетінін нақтылады.
«Атап айтқанда, бұрынғы бекітілген мерзімде жүзеге асырылады. Яғни, «Самұрық-Қазына» қоры келісімшартты қыркүйек айында бекітуды жоспарлап отыр. Келіссөз процесі уағдаласқан мерзімде жүріп жатыр», - деді ол.
Биыл мамыр айында Vietjet Air әуе компаниясы Qazaq Air-дың 38 млрд теңге қарызын жапқаны белгілі болды.
Еске сала кетсек, былтыр Қазақстан Вьетнамның VietJet Air әуе компаниясымен меморандум жасаған еді.