– Әлемді әбігерге салған коронавирус дерті айылын жияр емес. Әсіресе, өткен жылдағыдай шілде айында қайтадан күшейді.
Атырау облысындағы емдеу-сауықтыру орындарында күн сайын түсіп жатқан науқастарға орын табылмай жатқаны туралы БАҚ-нан оқып жатырмыз. Бір Атырау өлкесінің өзінде тәулік сайын вирус 500-ге жуық адамда анықталып отыр. Ахуал алаңдатарлықтай.
Мен өз денсаулығым, жақындарымның амандығы, ұжымымның қауіпсіздігі үшін екпе алдым. Бұл өте маңызды.
Ешқандай кері әсері байқалмады. Екпе алғаннан кейін денеде ауруға қарсы иммунитет пайда болады. Бұл ауру жұқпайды деген сөз емес. Вирус жұқса да, ауру жеңіл түрде өтеді. Жансақтау бөліміне жеткізбейді.
Дертті жеңудің басқа жолы жоқ екендігіне күннен-күнге көз жетуде. Өйткені, вирус мутацияланып, тез тарап келеді. Және жаңа түрлері алдыңғыға қарағанда қауіптірек.
Соған қарамастан, әлі күнге дейін екпеге қатысты алып-қашпа әңгімелер тарауда. Осы орайда, халық қауесеттерге емес, мамандардың пікіріне құлақ асқаны дұрыс деп есептеймін. Өйткені, бүкіл әлем ғалымдары екпе алудан басқа амал жоқ екендігін айтып отыр. Сондықтан, індеттің өршуін басу, күрделеніп, таралуына жол бермеу – біздің қолымыздағы шешім. Бұл – вакцина алу!
Ұлтымыздың амандығы, жарқын болашағымыз үшін екпе алған жөн деп пайымдаймын.
(«Ембімұнайгаз» АҚ facebook парақшасынан)