Осы атаулы датаға орай, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры Мұрат Мұстафаев және Маңғыстау облысы бойынша ТЖ департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Бектас Мұратов орталық аппарат қызметкерлерінің арнаулы тобын Құрмет грамотасымен және төсбелгілермен марапаттап, еңбектеріне жеміс тіледі.
Еске салсақ, жақында жыл бойы оқу сабақтары мен объектілік жаттығуларға белсенді қатысқан «Қаламқасмұнайгаз» және «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармаларының бір топ қызметкерлері марапатталған еді.
Сонымен қатар, командалық-штабтық және тактикалық-арнайы оқу-жаттығулардың қорытындысы бойынша үздік құтқару командалары анықталып, нәтижесінде Қаламқастық МКЖӨҚКЦ ұжымы, Жетібайда МДӨЦ ұжымы үздіктер қатарынан көрінді. Жеңімпаздарға құрмет грамоталары мен ауыспалы кубоктар табысталды.
Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні секілді мерекелер бүгінгі қоғамда адам қауіпсіздігі, адам құндылығы маңызды екенін айшықтай түседі.