Қор басшысы талқылау қорытындысы бойынша тізім 18 жобадан тұратынын хабарлады, ол 13 трлн теңгеден астам соманы құрайды. Бұл мұнай-газ, энергетика, теміржол және телекоммуникация саласындағы жобалар. ҚР Үкіметі тарапынан жәрдемдесуді талап ететін қойылымдық мәселелер айтылды.
Мемлекеттік органдармен бірлесіп, Жобаларды іске асыру жөніндегі жол картасын әзірлеп, одан әрі оны ҚР Премьер-Министрінде бекіту жоспарланып отыр.
«Әріптестер, бұл жобалар сіздерге таныс. Оларды бұрын пысықтаған болатынбыз. «Самұрық-Қазына» АҚ-ның басым жобаларының екінші топтамасы ретінде оларды ресімдеп, енгізу қажет. Бұдан әрі оларды іске асыру үшін жұмыс істейтін боламыз», – деп атап өтті Роман Скляр.
Қордың басым жобаларының екінші топтамасы:
Полиэтилен өндіру жобасы; Қазақстан Республикасында бутадиен және оның туындыларын өндіру; «Бейнеу-Бозой-Шымкент» МГҚ екінші желісін салу (1-кезең); Қашаған шикі газды кәдеге жарату жобасын дамыту (2-кезең); №3 ст. энергия блогын орната отырып, Екібастұз МАЭС-2 кеңейту және реконструкциялау; №4 ст. энергия блогын орната отырып, Екібастұз МАЭС-2 кеңейту; Таза көмір технологиясы негізінде №1 және №2 ст. энергия блоктарын орната отырып, Екібастұз МАЭС-3 салу; БГҚ-858 МВт салу; Қазақстанның энергожүйелерін біріктіру; Қуаты 2800 МВт дейінгі атом электр станциясын салу; ҚР-да 5G желісін салу; Каспий теңізінің түбімен магистральдың ТОБЖ төсеу; Қуаты жылына 800 мың тонна өндіретін күкірт қышқылы зауытын салу; Алматы станциясының теміржол торабын айналып өтетін айналма теміржол желісін салу; «Дарбаза-Мақтаарал» теміржол желісі салу; «Бақты-Аягөз» теміржол желісін салу (3-ші шекаралық өткізу бекеті); ҚР Оңтүстік-Шығысында «Total Open» компаниясымен бірлесіп, энергия жинақтау жүйесі бар, қуаты 1 ГВт ЖЭС салу; «ACWA Power» компаниясымен бірлесіп, қуаты 1 ГВт жел электр станциясын салу.