К 30-летию Независимости Казахстана | 01 ақпан 09:13

Үкімет үйі: Корпоративтік көрсеткіштер түзетіле ме?

Астанада ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалық етуімен "Самұрық-Қазына" АҚ Директорлар кеңесінің отырысы өтті.  

Отырыс барысында "Самұрық-Қазына" АҚ Директорлар кеңесінің, сондай-ақ, "Самұрық-Қазына" АҚ Директорлар кеңесі жанындағы Трансформация бағдарламасын жүзеге асыру барысын бақылау комитетінің 2018 жылдағы қызметі туралы есептер тыңдалғаны хабарлануда. Сонымен қатар, Қор қызметінің 2019 жылға арналған корпоративтік негізгі көрсеткіштеріне түзетулер енгізу мәселелері талқыланды.

Осыған дейін, еске сала кетсек, ірі қоржындық компаниялардың басшыларының қатысуымен қорытынды жиында Қордың Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов негізгі қаржылық көрсеткіштерінің өсімі байқалғанын мәлімдеді.

"Негізгі қызметтен түскен табыс көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 31% артып, 8,3 трлн теңгеден асып жығылды. Таза кіріс 37%-ға немесе  821 млрд теңгеге дейін ұлғайса, операциялық кіріс 1 трлн теңгеден  асты. Қордың табысы 30%-ға дейін артты", - деп атап өтті Қор жетекшісі.

Жекешелендірудің кешенді бағдарламасы аясында құны 230 млрд теңгеден асатын 31 актив сатылды. Қазатомөнеркәсіп акцияларының халықаралық ІРО-ға шығарылуы өткен жылғы маңызды оқиғалардың біріне айналды. Оның арқасында тартылған 451 млн АҚШ доллары көлеміндегі қаржы толығымен еліміздің Ұлттық қорына бағытталды.