Ұлан Отаралыұлы Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ түлегі және «Болашақ» бағдарламасы бойынша Лондондағы Империал колледжінің мұнай-газ инженерия ғылымдары магистрі.
Оның мұнай мен газды барлау және игеру, активтер мен капитал жобаларын басқару және цифрлық трансформация саласында 20 жылдық халықаралық тәжірибесі бар.
Еңбек жолын Қожасай кен орнында өндірістік оператор болып бастады. КПО компанияларында жұмыс істеген, Kuwait Energy Company (Кувейт), Statoil (Норвегия) және Shell. Норвегия теңізі, Египет, Йемен және ТМД елдеріндегі жобаларға қатысты.
Соңғы 12 жыл ішінде ол Гронинген және жерасты газ қоймалары (Нидерланды), Қарашығанақ және Қашаған жобаларында жұмыс істеп, Shell компаниясында әртүрлі лауазымдарды атқарды.
Ұлан Отаралыұлы жаңа қызметінде геологиялық барлау және ресурстық базаны кеңейту, перспективалық жобаларды жүзеге асыру және цифрландыруға жауапты болады.