Қайырымдылық шарасы аясында барлық отбасыларға азық-түлік таратылып, оларға ең қажетті деген ұн, сәбіз, пияз, қант, картоп, макарон, өсімдік майы, күріш, шай сынды азық-түлік өнімдері үлестірілді.
Бұл ретте алдымен Мұнайлы ауданы әкімдігі ұсынған көмекке мұқтаж отбасылардың тізімі жасақталып, нақты мекенжайларға жеткізілді. Аталмыш тізімге жалғызбасты көпбалалы жұмыссыз аналар, 1 топ мүгедектері мен баспанасы жоқ отбасылар, жүріп-тұру мүмкіндігі шектеулі адамдар енді.
Акция барысында еріктілердің отбасылардың қажеттіліктерін жазып алды. Алдағы уақытта қайырымдылық қорларымен бірлесе олардың нақты қажеттіліктері бойынша көмек жұмыстарын жүргізу қарастырылмақ.
Көмек алған отбасылар ризашылығын білдіріп, ақ тілектерін айтты.