«Қаламқасмұнайгаз» ӨБ мұнай айыру және өткізу цехының бас механигі Жеңісбек Нәбиевтің өндірістегі тәжірибесі бір төбе болса, шеберлік қарым-қабілетінің өзі бір төбе.
«Ер жігітке жеті өнер де аз» дегендей, Жеңісбектің өз жұмысымен қатар алып жүрген кәсібі де бар. Ұлттық өнерге жаны жақын жігіт қолөнер бұйымдарын жасаумен айналысады. Оның қолынан шыққан құнды дүниелер Қазақстанның әр аймағына кеңінен танылған.
«Ер жігітке жеті өнер де аз» АҚ баспасөз қызметі ұлттық өнерді жаңғыртып жүрген Жеңісбек Нәбиев туралы бейнематериал әзірледі.