Белсенділер Екібастұз тұрғындары мен қонақтарына тамаша көңіл-күй сыйлаудың ерекше жолын ойлап тапты. Жастар Қазақстанды мекен ететін ұлттар мен ұлыстардың ұлттық киімдерін киіп, «Шахтер» мәдениет және демалыс саябағында өнер көрсетті.
Шара аясында «Самұрық» және Step-fo хореографиялық ұжымдарының қатысуымен көрермендерге амфитеатрда тамаша қойылым көрсетілсе, Естай атындағы балалар музыкалық мектебінің шәкірттері де қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарымен «шашу шашты».