К 30-летию Независимости Казахстана | 07 наурыз 08:44

Ұлттық нақышта безендірілген мерекелік пойыз жолға шықты

Елорданың вокзал перронынан Астана – Алматы бағыты бойынша көктемгі жаңару мейрамы  – Наурызға арналған №3/4 Тальго жолаушылар пойызы алғашқы рейсіне аттанды. Құрам вагондары этностильде безендірілген. Іс-шараның басты мақсаты – пойыз сапарларын жайлы, қызықты және танымдық ету, деп хабарлады Rail-news.kz. 

 

«Жолаушылар тасымалы» АҚ Бас директоры Жәнібек Тайжанов пен «Экспресс» филиалының басшылары алғашқы жолаушыларға «Сәт сапар» тіледі.

Күн сайын жолға шығатын мерекелік құрам сәуір айының соңына дейін жүреді. Тальго этнопойызы – «Жолаушылар тасымалы» АҚ мен Алматы қаласы әкімдігінің бірлескен жобасы. Бұл «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның алғашқы тақырыптық пойызы емес. Жаңа жыл мерекесінің алдында Астана – Бурабай курорты бағытында жүретін құрам безендірілген болатын.