Бұл пойыздарда әр жолаушыға арналған жеке гигиеналық жиынтық: тіс щеткасы, паста, сабын, дымқыл майлық, тарақ және аяқ киім қалақшасы бар. Шай жиынтығы да ескерілген. Пойыздар құрамында міндетті түрде вагон-мейрамханалар жұмыс істейтін болады.
Қазіргі уақытта екі фирмалық:
«Астана-Алматы» қатынасындағы № 9/10; «Атырау-Астана» қатынасындағы № 47/48 жолаушылар пойызы жұмыс істейді.«Фирмалық» санатын теміржол көлігі саласындағы уәкілетті орган тексеру нәтижелері бойынша және Қазақстан Республикасының «Халыққа қызмет көрсету. Жолаушылар пойыздарында жолаушыларға қызмет көрсету. Жалпы талаптар» Ұлттық стандартына сәйкес тасымалдаушының ұсынуы бойынша пойызға береді.
Дереккөз: Rail-News.kz