Қызметкерлері жалақыны толық көлемде алған. Күйзелістен арылып, жұмысқа деген құлшыныстары артқан. Нәтижесінде бизнес иелерінің табысы еселенді. Әрбір екінші фирма, яғни 51 пайызы эксперимент аяқталғаннан кейін 4 күндік кестеге біржолата көшіп отыр. Уақыт үнемдеген қызметкерлер отбасына және өзінің дамуына көңіл бөліп, еңбек өнімділігі артты, дейді жұмыс берушілер.
«Денсаулық жағдайына байланысты демалысқа шығатындардың саны азайды. Егер бұрын қатардағы қызметкер жылына 4-5 рет сырқаттанса, қазір 1-2 күн ғана ауыратын болды. Біз нәтижеге ризамыз», - деді Марк Даунс, Корольдік биологиялық қоғамның атқарушы директоры.