Мұндай байқауға қатысу үшін көптеген талапқа сай болу қажет, мысалы, мінсіз қызмет көрсету керек, аса жылдам жұмыс істеу керек. Ұлықбек барлық тапсырманы асқан шеберлікпен дер кезінде әрі сапалы орындады.
Қызылордалық маман байланыс саласында 2011 жылдан бері жұмыс істейді. Ол осы салаға келгелі компанияның жоғары білікті маманы әрі үлгілі басшы атанып үлгерді.
«Менің командамда 18 жастан 60 жасқа дейінгі қызметкерлер бар. Жұмысты жақсы ұйымдастыру үшін соның әрбірімен тіл табысуға тиіспін. Сол арқылы командамды көшбасшы ұжымға айналдырдым. Жарты жылдық басты көрсеткіштерді талдау Қызылорда бүкіл нормативтік көрсеткіштер бойынша 1-орында екенін көрсетті», – дейді Ұлықбек Мақатаев.