8 сәуір күні «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ-ның спорт залында дәстүрлі «ҰмтылFest» іс-шарасының бірінші кезеңі өтті. Онда компания филиалдарының жұмысшылары бақ сынады.
Фестивальдің ашылу рәсіміне компанияның аппарат басшысы Серік Кеулімжаев, кәсіподақ төрағасының орынбасары Бақытжан Қуанышев және «Самұрық-Қазына» Қорының жанындағы Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникация орталығының бас директоры Елдос Өмірзақов қатысып, сайысушы командаларға сәттілік тіледі.
ҰмтылFest өткізу тәртібіне сәйкес, бірінші кезеңде жарысқа компания филиалдарының жұмысшыларынан құралған командалар қатысып, түрлі 10 спорттық сайыстан құралған спартакиадада жүлдеге таласты. Олардың ішінен «Адреналин» құрамасы үздік шығып, финалға жолдама алды.
Келесі кезеңдерде компанияның орталық аппараты мен еншілес ұйымдарының жұмысшылары бақ сынайды. Сәйкесінше, финалда үздік құрама командалар кездесіп, ең мықтыны анықтайды.
View this post on Instagram