Жоба аясында 1309 станция жаңартылады. Бастапқыда 27 штаттағы және одақтық аумақтардағы 508 станцияны қайта құру жүзеге асырылады. Аталған жобаның жалпы құны 244,7 млрд үнді рупиіне бағаланып отыр.
Қазір қала ландшафты және қоғамдық көлік схемаларымен бірге вокзалдарды дамытудың кешенді жоспарлары әзірленуде.
Іске асқалы отырған бұл жоба алдымен жолаушыларға, оның ішінде жүріп-тұру мүмкіндігі шектеулі адамдарға, сондай-ақ станциялардың көліктік қолжетімділігін қамтамасыз етуді барынша арттыруға бағытталған. Күту залдары бар ғимараттарды қайта құру жүргізіледі, жаңа алаңдар салынады. Жолаушылар тегін Wi-Fi желісімен қамтамасыз етіледі.