К 30-летию Независимости Казахстана | 27 қаңтар 08:30

Үндістаннан Қазақстанға күнжіт тұқымын мультимодальды тасымалдау жүзеге асырылды

Мундра портынан (Үндістан) контейнерлер Араб теңізі арқылы Бендер-Аббас портына (Иран) теңіз көлігімен жөнелтіледі.

Бұдан әрі Иран, Түркменстан және Өзбекстан аумақтары арқылы Алматы қаласына (Қазақстан) дейін теміржол көлігімен жеткізіледі. Жол жүру уақыты 20 күннен асады.

Тасымалдау Қазақстан – Түркменстан – Иран дәлізі бойынша контейнерлік сервисті дамыту шеңберінде жүзеге асырылуда.

Ақ күнжітті Үндістаннан жөнелтуді «KTZ Express» АҚ-ның Түркиядағы өкілдігі ұйымдастырды.

Анықтама үшін: «KTZ Express» АҚ - мультимодальды көлік-логистикалық компания, «ҚТЖ» ҰК» АҚ 100% акционері болып табылады. Компания қатынастардың барлық түрлерінде көліктік-логистикалық қызметтердің толық спектрін көрсетеді, порт инфрақұрылымын, қоймалар мен терминалдар желісін пайдалана отырып, теміржол, теңіз, әуе және автокөлікпен тасымалдауды біріктіреді.