К 30-летию Независимости Казахстана | 17 ноября 12:42

Ұңғыма басындағы өмір — адал еңбектің бейнесі

 

2023 жылдан бері қарашаның үшінші сенбісі — Бұрғышылар күні кәсіби мереке ретінде аталып өтуде. ҚазМұнайГаз-дың бұрғышылары мұнай-газ саласының дамуына ерекше үлес қосуда. Солардың бірі «Oil Service Сompany» ЖШС-ның 6-дәрежелі бұрғышысы Асылбек Ісенбай. 20 жылға жуық бұрғышы болып еңбек етіп келе жатқан Асылбек Ақылбекұлына 2019 жылы ең жоғарғы 6-дәрежелі біліктілігі берілді. Ол жыл сайын шамамен 12 ұңғыма қазуға атсалысады, ал бір ұңғыманы қазу жұмысы 25–30 күнге созылады.

Бұрғышының жұмысы қиын әрі күрделі. Құбырларды орнату және көтеру, балғамен соғу, химиялық ерітінділерді дайындау — бәрі білектің күшін қажет етеді. Бұған қоса білім мен үнемі ізденіс керек. Бұл жерде нақты есеппен жүріп, дұрыс шешімдер қабылдау маңызды. Әрине, нәтижеге жету үшін геологтардың нұсқауымен жүреміз, — дейді ол.

Оның айтуынша, бұрғылау ашық далада, күндіз-түні жүргізілетіндіктен, бригада мүшелері бір-біріне туыс адамдар сияқты болып кетеді.

 Бригадамызда 30 адам еңбек етеді. Мен жылдың жартысын осы ұжымдағы адамдармен бірге өткіземін. Ауа райына немесе басқа да жағдайларға байланысты күтпеген оқиғалар болып қалады. Сол кезде бригаданың бір-бірін қолдауы, түсінуі және олардың кәсібилігі аса маңызды, — деп толықтырды А.Ісенбай.

Асылбек бұрғылау саласының әрбір тетігін жақсы білетін тәжірибелі мамандардың бірі ғана емес, 5 бала тәрбиелеп отырған ардақты әке. Біз әрбір қызметкердің адал еңбегін қадірлейміз, олардың маңдай терін мақтан етеміз.