Биылғы жылы, Ұлы Жеңістің 76 жылдығына орай, 1-31 мамыр аралығында науқанды жасы бойынша шектеусіз тыл еңбеккерлерінің барлығы бірдей пайдалана алады. Айта кетейік, науқан «Жеңіс» республикалық әлеуметтік-қайырымдылық жобасы аясында өткізілуде.
Науқанға қалай қатысуға болады:
Тегін билетті рәсімдеу үшін жеке куәлік пен ҰОС ардагерінің немесе тыл еңбеккерінің куәлігін ұсыну қажет. ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлері Қазақстан Республикасы мен ТМД елдері шегінде барлық бағыттар бойынша тегін жол жүре алады. ТМД елдеріне бағыт алған кезде тегін жол жүру құжаттары (билеттер) тек Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан сату пункттерінде ресімделеді. Тегін жол жүру билетін «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларынан сатып алуға болады.