Әуе кемесі екі қозғалтқышпен жабдықталған тар фюзеляжды реактивті ұшақтар санатына жатады. Ол қысқа және орта қашықтықта ұшуға арналған, ал ұшудың барынша қашықтығы- 5 300 км. Бұл E190 салыстырғанда 1 000 шақырымға көп. Е2 ұшағының аэродинамикасы жақсарған, фюзеляжы мен қанаттары өзгерген және PW GTF (АҚШ) қозғалтқыштарымен жабдықталған. Сонымен қатар, әуе кемесі үнемді, зиянды заттардың төмен болуымен және аз шуыл деңгейімен ерекшеленеді.
Ұшақ салонында 108 орын бар және сымсыз ойын-сауық жүйесімен жабдықталған. Ол арқылы жолаушылар өздерінің құрылғыларында фильм көріп, музыка тыңдай алады.
"Жаңа Embraer 190-E2 ұшағының бірінші коммерциялық рейсі 1 маусымда Алматы-Нұр-Cұлтан-Алматы бағытында орындалады. Әуелайнер Қазақстан бойынша, сонымен қатар Ресей қалаларына, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Гүржістан, Украина астаналарына және Қытайға Үрімші қаласына рейстер орындайтын болады" деп хабарлайды "Эйр Астана" компаниясының баспасөз қызметі.