Нәтижесінде үздік шыққан Қабат қысымын ұстау цехы бастығының орынбасары Сағынғали Сағынбайұлы болды. Жүлделі 2-орынды пайдаланыстағы жабдықтарды прокаттау-жөндеу цехының қызметкері Ғабидолла Қосаев еншілесе, спорт демалыс кешенінің меңгерушісі Ақмарал Баспаева үздік үштікті қорытындылады.
«Нардыдан блиц турнирді алғаш рет ұйымдастырып отырмыз. Өте тартысты ойын болды. Мұнайшылардың қызығушылығын ескеріп, алдағы уақытта да нарды ойындарын жиірек өткізуге тырысамыз», – деді «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ спорт нұсқаушысы Сұлтангерей Тілегенов.
Ойынның барлық жеңімпаздары қаржылай сыйлықтарымен қоса арнайы дипломдармен марапатталды.