К 30-летию Независимости Казахстана | 04 қазан 16:30

Ысырапсыз көзқарас: Қаражанбастықтар «Алып» бағдарламасымен танысты

«Қаражанбасмұнай» АҚ жұмысшылары«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның «Ысырапсыз көзқарас»жүйесіндегі «Алып» бағдарламасымен танысты. Жиналысқа орталық кеңсе қызметкерлері мен кен орнындағы мұнайшылар бейнеконференция арқылы қатысты.

Қаражанбастықтарға ҚМГ бизнес серіктесі Ермек Көптілеев пен «OilServiceCompany» ЖШС жұмысты ұйымдастыру бөлімінің басшысы Мақсат Қадыралин үздіксіз жетілдіру жүйесін дамыту тобының жұмысы туралы ақпарат берді.

«Алып» бағдарламасы өндірістегі қызметкер, технология мен жабдықтарға қатысты проблемаларды тізбектеп, жұмыс өнімділігі мен сапасын арттыруға, ысырапты азайтуға, еңбек жағдайларын жақсартып, үнемі дамуға басымдық береді. Қазір «Алып» OSC мекемесінде жұмысын бастап, оң нәтиже көрсетіп келеді екен.

 

Жиналыс соңында ұжымға «Ысырапсыз көзқарас» үздіксіз жетілдіру жүйесінің «Алып» бағдарламасы туралы толық ақпарат беру, бағдарламаға қатысуға ниетті мұнайшылар мен қарастыратын өзекті тақырыптар тізімін жасақтау тапсырылды. Сондай-ақ спикерлер мұндай бағыттағы түсіндіру жұмыстары ҚМГ-ның өзге де еншілес және тәуелді ұйымдарында жалғасын табатынын жеткізді.