GPON-абоненттік пәтерге кабель тартуды қамтамасыз ететін және бір мезгілде бірнеше қызметтерді алуға мүмкіндік беретін оптикалық-талшықты кіру желісінің түрі, жоғары жылдамдықты интернет, сандық теледидар және IP-телефония. Технологияның басты айырмашылығы – деректерді жіберудегі жоғары жылдамдығы. Барлығы Шымкентте GPON технологиясы бойынша 360-тан астам үй, Түркістан қаласында 60 тұрғын үй кешені мен Кентау қаласында 36 үй телефондандырылды.
«Базалық станциялар орнатылуда. Бұл абоненттерді 10 км радиуста интернетпен қамтамасыз етуге қабілетті заманауи қондырғы», – деді «Қазақтелеком» филиалының Оңтүстік ӨТД клиенттермен жұмыс орталығының жетекшісі Әсет Ералиев.
Қазірдің өзінде шағын аудандардың 100 -ден астам тұрғыны бұл қызметті қолданып үлгерді.
«Қайтпас 1» шағын ауданында тұратын Бауыржан Ибраев: «Бұрын отбасы мүшелері мобильді интернетті ғана қолданса, онлайн-білім беруге көшкеннен бері жоғары жылдамдықты интернетке қажеттілік туды. Жылдамдық біз ойлағаннан де жақсы болып шықты! Енді мен көршілерім мен туыстарыма осы қызметті пайдалануды ұсынамын», – деп өз әсерімен бөлісті.
Көпқабатты үйлерден бөлек «Қазақтелеком» Шымкент қаласының жеке секторы мен Түркістан облысының ауылдарының тұрғындарын «радиокөпір» технологиясы арқылы интернетпен қамтамасыз ету бойынша жұмысын жалғастыруда. Бұл ретте оператор жеке сервистік компаниялармен келісімдердің серіктестік моделін белсенді түрде қолданады.
«Қазақтелекоммен бірлесе отырып, біз Түркістан облысының 176 ауылының тұрғындарын сымсыз интернетпен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз», – дейді «SNP TELECOM» ЖШС техникалық директоры Қуаныш Рахымбаев.
«Радиокөпір» технологиясын қолдана отырып қызметтерді қосуға бір сағаттан аспайтын уақыт кетеді. Ол үшін өтініш беру және келісімшарт жасау қажет. Абонент үйінің төбесінде антенна орнатылады, орнатушы құрылғыны реттейді, кабельді өткізеді және роутерді орнатады.