Авторы - энергоменеджмент жөніндегі жетекші маман Денис Белоглазов. Ұсыныстың бірлескен авторлары бас инженер Марлен Төлегенов пен тәуекелдерді басқару және интеграцияланған менеджмент жүйесі қызметінің жетекші маманы Ғалия Мамирбаева.
Осы кезеңге дейін жабдықтарды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтардың бірыңғай жүйесі болмады. Рационализаторлық ұсыныстың авторлары «Microsoft Word» бағдарламалық құралы арқылы нұсқаулық шаблонының бірыңғай формасын әзірледі. Арнайы дайындалған форма арқылы осы бағдарлама бойынша дайын терминдер мен қажетті сөздердің тізімі арнайы ұяшықтарда сақталып тұрады. Бұл нұсқаулықтарды дайындауға кететін уақытты үнемдейді, әрі бір типтік формада жасақтауға мүмкіндік береді.
Рационализаторлық ұсыныс Қоғамның ғылыми-техникалық Кеңесімен мақұлданғандықтан, барлық дербес құрылымдық бөлімшелерде нұсақулықтар Атырау МҚБ қызметкерлері әзірлеген бірыңғай формада жасалатын болады.