Байқаудың II кезеңі 22-23 мамырда Қаламқас кен орнында ұйымдастырылды. Оған бұрын бірінші кезеңнің жеңімпаздары болған Қаламқас пен Жетібайдан келген жұмыскерлер қатысты: мұнай және газ өндіру операторлары, слесарь-жөндеушілер, қабат қысымын ұстап тұру операторлары, электр газбен дәнекерлеушілер, тауар операторлары, ұңғымаларды зерттеу операторлары және химиялық талдау лаборанттары.
Сонымен, «Үздік маман» - 2024 байқауының жеңімпаздары болып келесі қызметкерлер атанды:
«Мұнай және газ өндіру операторы» номинациясы бойынша «Үздік маман» байқауының жеңімпаздары
1. Артур Карасаев (ҚМГ ӨБ 3-МГӨЦ)
2. Жақсылық Әділхан (ҚМГ ӨБ 3-МГӨЦ)
3. Аскарбек Кушаханов (ЖМГ ӨБ3-МГӨЦ)
Қабаттық қысымды ұстау жөніндегі оператор» номинациясы бойынша «Үздік маман» байқауының жеңімпаздары
1. Аманкелді Жақып (ЖМГ ӨБ ҚҚҰЦ)
2. Бақытжан Демегенов (ЖМГ ӨБ ҚҚҰЦ)
3. Еркин Калимов (ҚМГ ӨБ ҚҚҰЦ)
«Ұңғымаларды зерттеу операторы» номинациясы бойынша «Үздік маман» байқауының жеңімпаздары
1. Арман Базарбаев (ҚМГ ӨБ ҒЗжӨЖЦ)
2. Жомарт Мақсатұлы (ҚМГ ӨБ ҒЗжӨЖЦ)
3. Мухамбет Нурсебепов (ЖМГ ӨБ ҒЗжӨЖЦ)
«Тауар операторы» номинациясы бойынша «Үздік маман» байқауының жеңімпаздары
1. Закария Адай (ЖМГ ӨБ ҚҚҰЦ)
2. Нурлан Алибаев (ЖМГ ӨБ ҚҚҰЦ)
3. Куантай Кожанепесов (ҚМГ ӨБ КМДжАЦ)
«Химиялық талдау лаборанты» номинациясы бойынша «Үздік маман» байқауының жеңімпаздары
1. Жолдас Әділов (ҚМГ ӨБ ҒЗжӨЖЦ)
2. Айгерім Рахметова (ЖМГ ӨБ ҒЗжӨЖЦ)
3. Әлия Жұмабаева (ҚМГ ӨБ ҒЗжӨЖЦ)
«Электр-газбен дәнекерлеуші» номинациясы бойынша «Үздік маман» байқауының жеңімпаздары
1. Ануарбек Балгазиев (ЖМГ ӨБ ПЖПЖЦ)
2. Руслан Отеев (ЖМГ ӨБ 2-МГӨЦ)
3. Асылбек Жарманов (ҚМГ ӨБ ПЖПЖЦ)
«Слесарь-жөндеуші» номинациясы бойынша «Үздік маман» байқауының жеңімпаздары
1. Бактыбай Нагибаев (ҚМГ ӨБ 1-МГӨЦ)
2. Мәжит Арманд (ҚМГ ӨБ МЖӨҚКЦ)
3. Ерадил Нокеров (ЖМГ ӨБ ГТДжГШПЦ)
Қоғам басшылығы мен кәсіподақ комитеті конкурсқа қатысушыларды жеңістерімен құттықтап, жаңа биіктерді бағындыруларын тіледі, сондай-ақ жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен бағалы сыйлықтарды табыстады. Төртінші орын алған қатысушылар да назардан тыс қалмады, олар Қоғамның кәсіподақ комитеті атынан көтермелеу сыйлықтарымен марапатталды. Сонымен қатар, комиссия мүшелеріне, сондай-ақ іс-шараны ұйымдастыруға және өткізуге атсалысқан жұмыскерлерге бағалы сыйлықтар табысталды.
Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері жалақыға айтарлықтай жылдық үстеме алғанын атап өту керек, сонымен қатар бірінші орын алған «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ жұмыскерлері «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының жұмыскерлері арасында өткізілетін «Үздік маман» кәсіби конкурсына қатысуға жолдама алды.