Аталған сайыс мұнайшылардың қазақ би-шешендерінің, батырларының жыр-дастандарын оқу арқылы көркем әдебиетке деген ынта-ықыласын ояту, ұлтымыздың тарихын, мәдениетін танып-білуді мақсат тұтады.
Әр цехтан қатысқан оқырмандар сайыс барысында тыңғылықты дайындықтарын көрсетіп, бірінен-бірі асып түсіп жатты. Қазақ мақал-мәтелдерін жатқа білетін мұнайшылар арасынан үздіктердің үздігін анықтау оңай болмады. 13 адам қатысқан сайыс нәтижесінде пайдаланыстағы жабдықтарды прокаттау және жөндеу цехының слесарі Әлімжан Қуандық үздік деп танылды. Жүлделі І және ІІ орындарды мұнай және газ өндіру цехының операторы Амангелді Ыбырай мен аталған цехтың слесарі Сәбит Жұмабаев өзара бөлісті.
«Алғаш рет ұйымдастырылса да мұнайшылардың бұл сайысқа үлкен қызығушылығын байқадық. Сайыс барысында оқырмандар әдеби шығармаларды өзара талқылап, қызу пікірталасқа түсті. Аталған шараны алдағы уақытта тұрақты түрде өткіземіз деген ойдамын», – деді «Жетібаймұнайгаз» ӨБ әлеуметтік сала маманы Айгүл Төлебайқызы.
Сайыс соңында жүлдегерлерге қаржылай сыйлықтар мен мақтау грамоталары табысталды.