К 30-летию Независимости Казахстана | 08 желтоқсан 10:20

«Үздік өнеркәсіптік маман-2022» жеңімпаздары марапатталды

«Азаматтық бастамаларды қолдау» орталығы, «Риза-Ана» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен мұнайшы жастар арасында «Үздік өнеркәсіптік маман-2022» байқауының іріктеу кезеңі өтті.

Жұмысшы жастар арасында үздік өнеркәсіп иелерін анықтау, үздік қызметкерлерді көтермелеу мақсатында өткізілген шарада «Маңғыстаумұнайгаз», «Қаражанбасмұнай», «Өзенмұнайгаз» компанияларынан 21 үміткер бақ сынады.

Аталған сайыста «Жетібаймұнайгаз» ӨБ №3 мұнай және газ өндіру цехының операторы Азат Темірәлиев және «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ пайдаланыстағы жабдықтарды прокаттау-жөндеу цехының дәнекерлеушісі Айболат Сейітов үздік үміткерлер қатарынан көрінді. 3 номинация бойынша сынға түскен мамандар қомпания намысы үшін тырысып бақты.

 

Сонымен кәсіби дода қорытындысы бойынша Азат Темірәлиев жүлделі екінші орынды еншілесе, Айболат Сейітов ынталандыру сыйлығын алды. Сондай-ақ, Қасым Сүлейменов, Елдос Ораз, Ерлан Әлбаев, Асқар Дүйсенбаев, Аманқос Қалжановқа аталған сайыста көрсеткен жоғары жетістіктері үшін Алғыс хаттар табысталды. Ал жеңімпаздар ақшалай сертификаттар мен дипломдарға ие болды.