К 30-летию Независимости Казахстана | 13 сәуір 09:33

Үздік пойыз құрастырушылар анықталды

Нұр-Сұлтан станциясында «Пойыздардың үздік құрастырушысы» атағына кәсіби шеберлік байқауы болып өтті. Оның мақсаты – теміржолшы мамандығының беделін көтеру, қызметкерлердің білім деңгейі мен ынтасын арттыру, тәжірибе алмасу.

Байқау «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-де жарияланған «Назар аударыңыз, тежегіш башмақ» айлығы (қозғалыстағы вагондардың жылдамдығын азайтуға немесе тоқтатуға арналған құрылғы) шеңберінде өтті.

Байқауға Нұр-Сұлтан, Нұр-Сұлтан - Нұрлы жол және Қырқыншы станциясының қызметкерлері қатысты. Теміржолшылар пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кәсіби білімдерін, практикалық дағдыларын көрсетті. Ең көп ұпай жинаған қатысушылар жеңімпаз атанды.

Конкурс қорытындысы бойынша Нұрлы Жол станциясының пойыз құрастырушысы Нұрболат Әнесханов мамандығы бойынша үздік деп танылды. Екінші орын Нұр-Сұлтан - Нұрлы Жол станциясының қызметкері Дәулетбек Базарбаевқа, үшінші орын Қырқыншы станциясының пойыз құрастырушысы Қанат Қарпаевқа берілді.