Мәселен, автоматтандырудың нәтижесінде жаңа маманды жұмысқа қабылдау 3 күннің ішінде рәсімделеді. Оң өзгерістерді жалға алу төлемдерін өңдеумен айналысатын мониторинг департаменті де сезінбек. Шаруаны ақпараттық жүйеге көшіру арқылы мамандардың уақыты айтарлықтай үнемделеді. Заман игілігі Қоғамның барша қызметкерінің жұмысын жеңілдететіні сөзсіз. Жалпы цифрландыру шарасы аясында 20-ға жуық негізгі бизнес-процесті ақпараттық жүйеге көшіру көзделген.
Толық автоматтандыру жұмысы 2024 жылдың 15 мамырына дейін жоспарланған. Жаңашылдық Қоғамның нарықтағы орнын нығайтып, заманауи бизнестің тәуекелдеріне дайын болуға мүмкіндік береді.