Ұжымдастар құрметіне бөленіп, зейнетке шыққандардың бірі - Қуат Сағындыков. Бұрғылау және ұңғымаларды жерасты күрделі жөндеу департаменті №2 өндірістік қамтамасыз ету базасының операторы Қаражанбаста 35 жыл жемісті еңбек етті. Осы уақыт ішінде ол өзіне жүктелген лауазымдық міндеттерінмінсіз орындап, өлкедегі қара алтын өндірісін өрге сүйреуге атсалысты.
Құрметті демалысқа шыққан мұнайшылар қатарын технологиялық көлік департаменті №1 гаражының автомобиль жүргізушісі Мырзағали Қарабаев татолықтырды. Кен орнында көлігімен құстай самғайтын ол 17 жыл бойы жол ережелерін қатаң сақтап, жолаушыларды өндіріс алаңындағы қажетті жеріне қауіпсіз тасымалдады. Тәжірибелі жүргізуші қызметтегі жетістіктерінен бөлек, қайырымдылық, қарапайымдылық қасиеттерімен мұнайшылардың алғысына кенелген жұмысшы.
Зейнет – өмірдің жаңа да маңызды кезеңі. Қаражанбастан құрметті демалысқа шыққан жұмысшылар әрқашан еңбек ұжымының құрметіне ие. Сала ардагерлеріне айналған мұнайшылардың өнегелі еңбек жолы компания тарихына алтын әріптермен таңбаланды.