Сондай-ақ, оларға мерекелік себеттер мен кен орнының 40 жылдығына орай шығарылған «Қазыналы Қаражанбас» мерейтойлық кітабы табыс етілді. Кітапқа алғашқы мұнай фонтаны атқылағаннан бастап, қазірге дейінгі бай тарих жинақталған. Ардагерлердің көп жылғы адал еңбегі компания тарихына еңбексүйгіштік, қайсарлық пен кәсібилік үлгісі ретінде жазылған.
«Біздің алдымызда кен орнын ашу және дамыту бойынша қиын да жауапты міндет тұрды. Ұжымның ынтасы мен ауызбіршілігі арқасында біз оны абыроймен атқара алдық. Ал Қаражанбастағы қазіргі мұнайшылар буынына компания игілігін сақтау және көбейту үшін үлкен жауапкершілік жүктеледі. Бізге көрсетіп жатқан құрмет пен қамқорлығыңызға рақмет. Мереке құтты болсын», – деп атап өтті ҚБМ зейнеткерлері.
ҚБМ-да барлығы 613 зейнеткер бар. Компания ұжымы оларды әрдайым назардан тыс қалдырмай, қамқорлық танытуға тырысады. Ардагерлер мен зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау жүйесі компания жарғысына енгізілген. Ол мақсатты көмек стратегиясы болып табылады.