Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
1361
02 қазан 13:42
Air Astana Иранның әуе кеңістігін айналып өтіп, Дубайға ұшады
Air Astana әуе компаниясы Таяу Шығыстағы жағдайды мұқият талдағаннан кейін және Қазақстанның Авиациялық Әкімшілігінің ұсынысы бойынша Иранның әуе кеңістігін айналып өтіп, Дубайға ұшуды орындауға шешім қабылдады.
1243
02 қазан 12:00
ҚТЖ пойыз техникалық себеппен тоқтағанда неліктен вагоннан шығуға болмайтынын ескертті
Алыс жолға шыққан пойыз жолаушылары пойыздың станциядан тыс жерлерде тоқтап, жолсеріктердің есіктерді ашпайтынын жиі байқап жатады. Мұндай жағдайлар техникалық тоқтау кезінде орын алады. Олар пойыздың кестесінде көрсетілмесе де, қозғалыс кестесіне енгізілген, деп хабарлайды Rail-news.kz.
894
02 қазан 10:43
Қызылордада «Қазгермұнай» БК» ЖШС демеушілік қаражатына салынған Оқушылар сарайы ашылды
Қызылорда қаласында Оқушылар сарайының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Құрманғазы Есқазиев, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов қатысты.
1087
02 қазан 09:31
2024 жылғы астықтың алғашқы миллион тоннасы пойызбен жеткізілді
Осы жылдың қыркүйек айында ҚТЖ желісі бойынша 1,1 млн тонна биылғы дақыл, оның ішінде 867 мың тонна экспортқа жөнелтілді.
1195
01 қазан 16:35
ҚазМұнайГаз бен IATA ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Астанада Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының Еуропадағы өңірлік вице-президенті Рафаэль Шварцманмен кездесті. Талқыланған мәселелер қатарында авиаотынмен қамтамасыз ету және декарбонизация саласындағы ынтымақтастық мәселелері бар.
831
01 қазан 15:39
АЭС салу бойынша халықтық штаб өкілдері маңғыстаулық мұнайшылармен кездесті
АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб мүшелері Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның өңірдегі еншілес және тәуелді ұйымдарында еңбек ететін жұмысшылармен жүздесті. Жиынға қатысушылар атом энергетикасының тек мұнайлы түбекке ғана емес, тұтас еліміздің дамуына жол ашатын перспективаларын талқылады.