Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
2896
19 наурыз 12:00
Наурыз қарсаңында мұнайшылар марапатталды
Ұлыстың ұлы мерекесі «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас кеңсесінде өз салтанатымен өтті. Компания бас директорының бірінші орынбасары Сюй Шиго, бас директордың геология және кенорындарын игеру жөніндегі орынбасары Дамир Шырақбаев мұнайшылар мен компания қызметкерлерін көктемнің шуақты мерекесімен құттықтады.
2106
19 наурыз 09:00
Өндірісті жаңғыртудағы жүйелі стратегиялық жұмыс
«Қаражанбасмұнай» АҚ бас директоры Ли Тецян және бас директордың бірінші орынбасары Қуанышбай Нұрғалиев кен орнына жұмыс сапары барысында қабат суын тұшыту зауытының құрылыс барысын тексерді. Мердігер компаниялар өкілдері ҚБМ басқармасына атқарылған жұмыстар туралы баяндады.
2391
18 наурыз 16:24
18 наурызда Ақтау битум зауытында Ұлыстың ұлы күні мерекеленді
Бұл күні кеңсе аумағында орнатылған мерекелік киіз үйлерге қызметкерлер отбасыларымен және балаларымен келді.
2155
18 наурыз 15:43
«Самұрық-Қазына» қорының қолдауымен Жаңаөзенде жаңа медициналық орталық салынды
18 наурызда «Самұрық-Қазына» АҚ және Қордың компаниялар тобының өкілдерінен құралған делегация жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына болды. Сапар барысында жұмыс тобы Қордың әлеуметтік серіктестік саясаты аясында Жаңаөзен қаласында бой көтерген жаңа да заманауи медициналық орталықта болды.
2874
18 наурыз 13:00
Наурызды мерекелеудің жетібайлық үлгісі
«Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасының ұжымы көктемнің шырайлы мерекесі – әз-наурызды қарсы алды. Алдымен басқарма ғимаратында мерекеге орай өткізілген спорт жарыстарының жеңімпаздары марапатталды. Адал еңбек пен салауатты өмір салтын серік еткен жұмысшыларға арнайы кубоктар, Алғыс хаттар мен қаржылай жүлделер табысталды.
1835
18 марта 11:50
Монументальный горельеф украшает машинный зал Капшагайской ГЭС
Среди мозаичных фигур люди разных профессий: космонавты, сталевары, ученые.