Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
1896
09 наурыз 15:43
Қаражанбас мұнайшылары тоғызқұмалақтан сынға түсті
Қаражанбас кен орнында Ұлыстың ұлы күні қарсаңында ұйымдастырылған жарыстар тартысты жалғасып келеді. ІІ вахта ауысымының жұмысшылары бұл жолы ұлттық ойынды дәріптеу мақсатында зияткерлік спорт түрі – тоғызқұмалақтан сынға түсті. Өз цехының намысын қорғауға тырысқан мұнайшылар жарысқа белсенді қатысты.
1323
09 наурыз 13:30
Семейде өткен шаңғы бәсекесі
Шығыстағы теміржолшылар үшін биылғы қыс қызықты өтуде. Семей ЖТ бөлімшесі үшін қысқы спорт түрлерінен шаңғы сайысының орны бөлек. Биыл да қыз-жігіттер қарағайлы орман ішінде өткен тамаша демалысқа жиналды.
2002
09 наурыз 11:00
Оңтүстік пен солтүстікті тікелей темір жол жалғай ма?
Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар еліміздің оңтүстігі мен солтүстік өңірлерінің арасын жалғайтын теміржол көлігіне қатысты мәселені көтерді. «Серпін» бағдарламасының тиімділігі үшін жаңа пойыз бағдарларын ашу ұсынылды.
1838
09 наурыз 09:30
Еңбегі ерге бергісіз
Ел экономикасының күретамыры саналатын мұнай-газ өндірісінде өз қолтаңбасы бар майталман мұнайшылар Маңғыстау өңірінің өсіп-өркендеуіне еселеп еңбек сіңіріп келеді. Үлкен қажыр-қайратты қажет ететін осынау жауапты салада ер азаматтармен қатар білек түріп, бел сыбана жұмыс істеп жүрген әйел азаматтар да аз емес. «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасына қарасты механикалық цехта еңбек көрігін қыздырған станокпен, арамен кесуші – Маржан Бесінбаева кезекті «Еңбек адамы» айдарының басты кейіпкері.
2042
06 наурыз 10:21
«Самұрық-Қазына» қоры реформалау бағдарламасын жүзеге асыруда
«Самұрық-Қазына» АҚ бүгінгі күннің талаптарына сай терең жаңғыртудың ауқымды бағдарламасын жүзеге асыруда. Өзгерістер Қор қызметінің барлық бағыттарын қамтыды. ҚР Президентінің реформалар жөніндегі Жоғарғы кеңес отырысында мақұлданған Бағдарлама - жұмыс тиімділігін арттыру, отандық тауар өндірушілер мен жеткізушілерді қолдау, сатып алудың ашықтығын арттыру міндетін алға қойып отыр. Қолға алынған барлық реформалар жүзеге асуда. Жаңартылған Қордың қызметі барынша ашық.
2149
05 наурыз 11:10
Qazaq Air маманы: Ұшқанды бала күннен жаным сүйеді
Авиация – романтикалық кәсіп саласы. Содан да болар, бала күнінен көкте самғап, биіктерді бағындыруды қыз балалар көбірек армандайды екен. Алайда, бәрі бірдей бұл арманға қол жеткізе бермейді. Ал SKnews журналының бүгінгі кейіпкері, Qazaq Air әуе компаниясының қызметкері Гүлбану Алыпкелова еңбек жолын экономист болып бастаса да, тағдырдың өзі оның жолын бұрып, авиация саласына әкелген.