Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
3738
04 сәуір 13:10
Әнші, сазгер Марат Сәулебай: Маған көктем шабыт сыйлайды
«Қаражанбасмұнай» АҚ Әлеуметтік жұмыс департаментінің маманы Марат Сәулебай – компаниядағы өнерлі де белсенді қызметкерлердің қатарынан саналады. Іскерлігі мен мінез жайлылығынан бөлек, мәдени-рухани байлығымен де бірегей. Сахна мен мерекелік кештің гүлі. Өзі саз жазып, өзі ән салып жатса, шапалақ та, марапат та Маратқа арналмай ма? Осы орайда біз көктем күнінде «мұнайшылар мәдениетін» асқақтатып жүрген Маратпен аз-кем әңгіме құрдық.
2920
14 ақпан 08:23
2021 жылы Қазақстан Темір Жолындағы коррупция деректері азайды
Нағыз құқықтық мемлекет құру үшін барлық салада жемқорлықтың тамырына балта шабу керек. Бұл туралы жақында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтып, сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресу мемлекеттік саясаттағы негізгі басымдықтың бірі екенін атап өтті. Осы орайда теміржолдағы жемқорлықпен күрес шаралары туралы «ҚТЖ» ҰК» АҚ Комплаенс-қызметінің жетекшісі Ирина Капановамен арнайы сұхбатты ұсынамыз.
3425
10 желтоқсан 11:00
Ардагер энергетик: Біздің ең үлкен бақытымыз – Тәуелсіздік
Биыл еліміз тәуелсіздік бесігінде тербелгелі 30 жыл. Мереке қарсаңында «Самұрық-Энерго» АҚ энергетика саласына мол үлес қосқан ардагерлердің бірі Оразбек Бекбаспен сұхбат ұйымдастырды. Бүгінгі күні ол Қазақстандық энергетиктердің салалық кәсіподағын және Самұрық-Энерго Жергілікті кәсіподағын табысты басқарып отыр.
2447
02 желтоқсан 15:10
«Самұрық-Қазына» корпоративтік университеті әріптестік шеңберін кеңейтеді
Топ-менеджерлерді оқыту, корпоративті MBA және даму бағдарламалары. Ресей темір жолдары мен «Самұрық-Қазына» корпоративтік университеті тағы қандай бағыттарда ынтымақтастық орната алады? Қандай идеялар алмасуы мүмкін? Бұл туралы «Самұрық-Қазына» Корпоративтік университетінің директоры Бексұлтан Бекмұратов Ресей темір жолдары Корпоративтік университетінің директоры Роман Баскинмен кездесу қорытындысы бойынша берген сұхбатында айтты.
2227
12 қазан 10:00
Сұлтан Сырлыбаев: Қазақстанда жүрдек әрі қауіпсіз бағдарлар көбейді
Көліктің қай түрінде де жолаушылар үшін жылдамдық пен жайлылық бірінші орында қарастырылуы керек. Қазақстанда 2012 жылдан бастап ТМД бойынша баламасы жоқ «Тұлпар-Тальго» зауыты жүрдек жолаушылар пойызына вагондар шығара бастады. Бүгінде елімізде 25 жолаушылар пойызы «Тальго» вагондарымен жабдықталған. Жолаушылар тасымалы паркін жаңартып- жаңғыртуда үлесі басым жүрдек пойыздардың бүгіні мен болашағы туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ – «Экспресс» филиалының сервистік қызмет көрсету бөлімінің бастығы Сұлтан Сырлыбаевтан сұхбат алған едік.
2975
11 қазан 09:45
«Зар заманды» айтқан мұнайшы
«Қыз Жібек» фильмін түсірер тұста қоюшылар киноның бас жағын қалай бастауды ұзақ ойланған екен. «Қазақфильм» киностудиясының сол кездегі қызметкерлері Ыдырыс Қарсақбаев пен Сара Жорабаева бір тойда ән салған жас жігітті көріп, іздегені алдынан табылғанына қатты қуаныпты. «Қыз Жібек» фильмінің басында айтылған «Зар заман» әні осылай туған еді. Оны орындаған бейтаныс жігіт сол тұста Башқұртстаннан елге енді ғана келген инженер-мұнайшы Жақсылық ЗАКИРОВ болатын. Газетімізде жаңадан ашылған «Сол жайсаңдар қайда екен?..» айдарының алғашқы кейіпкерімен өткен күнді еске алып, әңгіме өрбіткен едік.
164
04 мая 12:07
ТХКБ халықаралық көлік дәлізінің маңызды бөлігі жаңғыртылды