Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
1662
24 қараша 11:47
«Түрксіб-Семей» мұражайына ерекше тарту жасалды
Жуырда Семей ЖТ бөлімшесінің «Түрксіб-Семей» мұражайына ерекше тарту жасалды. Атап айтсақ, Ресейден, Алексин қаласынан тәбәрік ретінде арнайы капсулаға салынған топырақ әкелініпті. Себебі, дәл осы жерде 1941 жылдың желтоқсан айының басында өткен кескілескен ұрыста Семейде жасақталған 238-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының жауынгерлері шейіт болған еді.
1957
23 қараша 16:26
Қазпошта Ozon-мен ынтымақтастықты кеңейтеді
«Қазпошта» АҚ онлайн-дүкен алаңында сатып алынған тауарларды Түркия, Германия, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түрікменстанға және басқа да елдерге жөнелту бойынша Ozon компаниясымен әріптестік ынтымақтастықты кеңейтеді. 2021 жылы «Қазпошта» АҚ мен Ozon-ның пошта және курьерлік қызмет көрсету жөніндегі ынтымақтастығы басталды, IT-жүйелер интеграцияланып, бірлескен бағдарламаны одан әрі дамыту жұмысы қолға алынды.
1705
23 қараша 14:22
ММГ мамандары Мұнайшы ауылының мектебінде ашық есік күнін өткізді
«Самұрық-Қазына» АҚ-ның осы жылға арналған іс-шара жоспарына сәйкес «Ашық есік күні» өтті. Кездесуді Қарақия ауданы Мұнайшы ауылының №7 мектебінде «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау департаментінің Өрт қауіпсіздік қызметі, «Семсер Өрт-сөндіруші» ЖШС бірлесе отырып оқушылар арасында ұйымдастырды.
1747
23 қараша 08:30
Ақмола облысында «Табысты отбасы» жобасының бірінші кезеңі аяқталды
Қаржылық сауаттылық пен сұранысқа ие кәсіптерге үйренген 16 қыз-келіншекке сертификат табысталды. Жоба қатысушыларына тәлімгерлер алдағы үш ай бойы бизнесті дамыту бойынша жан-жақты қолдау көрсететін болады.
1664
22 қараша 16:16
ҚБМ: Шағын футбол – ұлы достық негізі
Қаражанбас мұнайшылары ұжымдық рухты нығайтып, салауатты өмір салтын сақтауға ерекше көңіл бөледі. Осы мақсатта қабат қысымын ұстау цехы жұмысшылары шағын футболдан турнир ұйымдастырып, тартысты бәсекенің мықты командасын анықтады.
1203
21 қараша 14:34
Еңбек адамының еңсесі биік
Қаражанбас талай мұнайшының шеберлігін шыңдап, білікті мамандарды сала саңлағына айналдырған қазыналы кен орын. Мұндағы әр жұмысшы ортақ мақсат – өлке өндірісін дамытып, қара алтын игеру үшін тынымсыз тер төгеді. Мамандықтың қыр-сырымен бөлісіп, адамдық құндылықтарды насихаттайтын қаражанбастықтар қай кезде де ерекше құрметке ие. Солардың бірі – бұрғылау және ұңғымалады жерасты күрделі жөндеу департаментінің шебері Балқаш Туляев.