Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
1426
14 наурыз 15:38
Қазақтан шыққан тұңғыш «Құрметті теміржолшы»
Ұлы Жібек жолының іздері көне ғасырларда Түркімен елінде де сайрап жататын. Бірақ жылдар өте келе ол жолдарды теміржол желісі алмастырды. Тарих қойнауына үңілсек, Орта Азия темір жолы 1880 жылдардан бастау алады. Михайлов шығанағы Красноводск қаласынан Каспий маңы темір жолы салынып, ол 1885 жылы Ашхабад, әрі қарай Чарджоу, Самарқанд, Бұқара, Ферғана қалаларына жетті. Қарақұмды қиып өтетін жол Ташауызға дейін созылды. ХХ ғасырдың басында темір жолдың экономикалық-әскери маңызы арта түсіп, оның бойына деполар мен вокзалдар салына бастады. Біздің кейіпкеріміз Байбол Орақов осы құрылыстың басы-қасында жүрген қазақ ұлты өкілдерінің бірі еді.
927
13 наурыз 08:24
ҚТЖ жолсеріктері Ораза ұстаған жолаушыларға құрма мен су таратты
Ұлттық тасымалдаушының пойыздарында жолаушылар үшін Оразаның алғашқы күні жайлы өтті. Пойыз жолсеріктері жолаушыларды жылы қарсы алып, оларға құрма мен су таратты. Бұл акция «Жолаушылар тасымалы» АҚ барлық пойыздарында өткізілді.
1012
12 наурыз 12:47
Бақытын еңбектен тапқан Бибігүл
Өмірін жанұясына жылулық сыйлаумен ұштастыра жүріп, қоғамда түрлі істің көзін тауып, белгілі бір салада абыройлы еңбек етіп жүрген әйелдер қаншама. Бір қолымен бесігін, екінші қолымен әлемді тербететін әйелдер қай салада да белсенді. «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамында да мұнай және газ саласын игерумен қатар, ғылым саласында жетістікке жеткен, отбасы-ошақ қасын сүттей ұйытып отырған нәзік жандылар жетерлік. Солардың бірі де бірегейі «Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқармасында табаны күректей 34 жыл еңбек өтілі бар Технологиялық сұйықты даярлау цехының машинисі Бибігүл Қалыбаева.
963
12 наурыз 10:39
ҚБМ: Мұнайшы арулар арасындағы Quiz
Қаражанбаста 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай мұнайшы арулар арасында «Қазақша Quiz» зияткерлік ойыны өтті. Компания қызғалдақтары қызметтегі кәсіби қабілетінен бөлек, әртүрлі сала бойынша білімін сынға салып, ой жарыстырды.
1580
07 наурыз 16:44
Семейлік теміржолшылар шаңғы теуіп жарысты
Семейлік теміржолшылар қысқы спорт түрлерінен өтетін сайыстарды қорытындылады. Бұл жолғы «кәсіподақ шаңғысы» қазақ теміржолының 120 жылдық мерейтойына орай жекелей және командалық жарыс түрінде өтті. Жылдамдық пен ептілік сынға түсетін осынау байқауға желі бойындағы бірқатар мекемелерден кіл мықты теміржолшылар жиналды.
1531
07 наурыз 12:39
Қаражанбасмұнай Мұрат Мановты зейнет демалысына шығарып салды
«Қаражанбасмұнай» АҚ ұжымы корпоративтік қауіпсіздік қызметінің жетекшісі Мұрат Мановты құрметті демалысқа шығарып салды. ҚБМ Басқармасы оның компания дамуына қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдіріп, дәстүр бойынша иығына ұлттық шапан жапты.
429
15 октября 15:23
Более 4 тысяч видеокамер установили в поездах КТЖ