Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
1602
27 қыркүйек 15:18
Транскаспий дәлізімен тасымал көлемін 5 есе ұлғайту көзделіп отыр
ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев Бейжің қаласында өткен Жаһандық көлік форумында сөз сөйлеп, Қытай Халық Республикасының көлік министрі Ли Сяопэнмен кездесті. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
1268
27 қыркүйек 10:00
Qazaq Air компаниясын жекешелендіру байқауына өтінім қабылдау мерзімі ұзарды
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл–ауқат қоры» акционерлік қоғамы Қорға тиесілі «QAZAQ AIR» АҚ-ның 49%- дан 100%-ға дейінгі акцияларын өткізу жөніндегі 2023 жылғы 18 тамызында жарияланған cауда-саттықты өткізу туралы хабарламаға өзгерістер енгізілгені туралы хабарлады.
1408
26 қыркүйек 10:32
SK Construction басшысы жұмыс сапарымен Түркістан облысында болды
Түркістан облысындағы Шардара қаласына қарасты Өтеғұл ықшам ауданында салынып жатқан 300 орынға шақталған жайлы мектеп келесі жылы халық игілігіне тапсырылуы тиіс. Алайда, учаскеде құрылысқа дайындық жұмыстарының иісі де шықпайды. Мердігер ұйым «Ar Kua Group» серіктестігі іске маусым айында кірісіпті, бірақ содан бері жөнді шаруа тындырылмаған. Маңызды тапсырмаға жауапкершіліксіз қараған компания жетекшісін Басқарма Төрағасы Мәулен Айманбетов қатаң сынға алды.
1527
26 қыркүйек 09:10
Қазатомөнеркәсіп АЭХА Бас конференциясына қатысуда
25 қыркүйекте Вена қаласында (Австрия) Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (АЭХА) Бас конференциясының 67-ші сессиясының ашылуы өтті, ол жыл сайын ядролық саланың өзекті мәселелерін талқылау үшін АЭХА-ге мүше 177 ел өкілдерінің басын қосады. Конференция жұмысына Қазақстаннан ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы Ержан Мұқанов, ҚР Сыртқы істер министрлігінің, «ҚР Ұлттық ядролық орталығы» РМК, «ҚР Энергетика министрлігінің Ядролық физика институты» РМК және «Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты» ЖШС өкілдері қатысуда.
1195
25 қыркүйек 09:46
Нидерландтар Жоғарғы соты KMG Kashagan-дағы акцияларға тыйым салудың күшін жоюды растады
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен «Самұрық-Қазына» АҚ Нидерландтар Жоғарғы сотында сомасы 4 млрд АҚШ долларына тең KMG Kashagan B.V.-дағы акцияларына байланысты Анатол Стати, Габриэль Стати, Ascom S. A. және Terra Raf Trans Trading Ltd (Стати) қарсы іс жүргізуде түпкілікті жеңіске жетті.
1226
19 қыркүйек 13:32
Ақтауға келген G7 елшілері қос портты аралады
Жақында Маңғыстауға жұмыс сапары барысында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Р.Ю.Василенко бастаған ЕО және G7 елшілерінің делегациясы Құрық порты паром кешені мен Ақтау портын аралады.