Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
3287
27 марта 12:07
«КазМунайГаз» представил финансовые результаты за 2024 год
2985
27 марта 09:32
Казатомпром перечислил в бюджет Казахстана более 723 млрд тенге налогов
2763
25 марта 11:11
«Қазақтелекомда» жаңа Ұжымдық шартқа қол қойылды
2446
25 марта 11:02
Зейнетақы төлемдерін жеке табыс салығынан босату қашан қаралады
2558
25 марта 10:36
ҚТЖ мен QazaqGaz компаниялары қашан IPO-ға шығатыны белгілі болды
2597
24 марта 10:25
«Жас Темір»: Теория мен тәжірбие ұштасқан алаң
"ҚТЖ" ҰК" АҚ-да салаға жас мамандарды даярлау мақсатындағы "Жас темір" тағылымдама бағдарламасы сәтті жүзеге асып келеді. Ол теміржол мамандығы бойынша жоғары оқу орындарын бітірген түлектерге жаңа перспективалар ашуда. Бұл туралы rail-news.kz сайты хабарлайды.
Әу бастан "Жас темір" тағыламдама бағдарламасы теміржол саласында мансап құрғысы келетін жас мамандарды қолдау мен дамыту мақсатында әзірленген болатын. Ол бейінді оқу орындарын бітіріп, тәжірибе жинап, жұмыс жағдайына бейімделіп, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға ниет еткен түлектерге бағдарланған еді. Тағылымдама ҚТЖ-ның әртүрлі құрылымдық бөлімшелерінде 3 ротацияны құрап, бір жыл жарымға созылады. Осы уақыт ішінде тағылымдамадан өтушілер нақты жұмыс процестерімен танысып, тәжірибелі мамандардың жетекшілігімен өндірістік міндеттерді орындап, заманауи технологиялармен жұмыс істеу дағдыларын үйренеді.
Еске сала кетсек, "Жас темір" бағдарламасының бірінші ағыны 2022 жылы бастау алған-ды.
"Байқаудың іріктеу кезеңдеріне 38 жас маман қатысты. Бірақ, олардың арасынан бесеуі жеңімпаз деп танылды және әртүрлі құрылымдық бөлімшелерде тағылымдамадан сәтті өтіп, 2024 жылы ҚТЖ-ға жұмысқа тұрды. ҚТЖ басшылығы бұл бағдарламаның тиімді оң көрсеткіштерін негізге ала отырып, бұл бағдарламаны өткен жылы жалғастыруға шешім қабылдады. Осылайша, 2024 жылдың мамыр айында бастау алған бағдарламаның екінші ағынына бұл жолы 37 өтінім келіп түсті. Алайда, байқау қорытындысы бойынша бағдарламаға 8 жеңімпаз өтті. Олар ҚТЖ-ның бөлімшелерінде – "Магистральдық желі дирекциясы" филиалында, "ҚТЖ-Жүк тасымалы", "ҚТЖ-Жолаушылар локомотивтері" компанияларында таңдаған мамандықтарың бойынша тәжірибе жинақтап, бірінші ротациядан өтіп жатқан мына сендерсіңдер", – деді кездесу кешіне жетекшілік еткен ҚТЖ-ның HR бизнес-серіктесі Алма Сәулебаева.
Бұдан кейін сөз кезегі тағылымдамашы жас мамандар мен олардың тәлімгерлеріне берілді. Жас мамандар бірінші ротация қорытындысы бойынша өздерінің алған тәжірибе-тағылымдамаларын слайдтар арқылы көрсетіп, таныстырылымын жасады.
"Жас темір" бағдарламасына қатысушы алты жас маман – Бибарыс Елеусізов, Айым Саметова, Райбек Сақтағанов, Назира Сейдулла, Снежанна Иманғазина, Гүлмира Тілегенова "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС мен оның өңірлік филиалдарында, Олжас Сәрсенғалиев "Жолаушылар локомтитері" ЖШС-да, ал Биязы Бисенова Компанияның "Магистральдық желі дирекциясы" филиалында тағылымдамадан өтіп жатыр. Жас мамандар хақында тәжірибелі тәлімгерлер де ой бөлісіп, олардың жұмыстарына ұқыпты, жауапты қарап, тыңғылықты орындайтынын және өздері таңдаған мамандықтарының қыр-сырына терең қанығып, білулеріне қызығушылықтары зор екенін атап өтті. Барлық тәлімгерлер бірінші ротация жұмысы бойынша қамқорлықтарына алған жас мамандарға оң баға берді.
Атап өтерлігі, жас мамандар тағылымдама барысында өндірістік жұмыстарға қатысып қана қоймай, ҚТЖ-ның әлеуметтік өміріне де, "Тұрақты даму", "Тиімді коммуникациялар", "Шешендік шеберлігі" сияқты іскерлік дағдылар мен құзіреттілікті дамытуға бағытталған тренингтерге белсенді қатысып келеді.
Алда стажерлерді жаңа дағдыларды, тренигтер мен белсенді әлеуметтік өмірді игеруге мүмкіндік беретін тағы 2 ротация күтіп тұр. Бұл ротациялар жас мамандарға өндірістік тәжірибе жинақтаумен қатар өздерінің жеке қабілет-қасиеттерін жан-жақты ашып, көрсетуге, дамытуға мүмкіндік бермек. Ал бағдарлама аяқталысымен, тағылымдаманы сәтті аяқтап, өндірістік тапсырмаларды орындау барысында жоғары нәтиже көрсеткен жеңімпаздар ҚТЖ компаниясына жұмысқа тұру және өзінің кәсіби мансабын жалғастыру мүмкіндігіне ие болмақ.
190
13 марта 17:18
Компании группы АО «Самрук-Қазына» удостоились ряда наград Казахстанской фондовой биржи