Главная Новости Бейбіт күннің батыры
21 қаңтар 2022, 08:38 1329

Бейбіт күннің батыры

Бейбіт күннің батыры

9 желтоқсанда Ақтауда балалары бар мектеп автобусы жанған болатын. Дәл сол кезде мәселеге бей-жай қарамайтын адамдардың арқасында ешқандай адам шығыны болған жоқ. «ARLINE SERVICE» ЖШС мердігерлік ұйымының жүргізушісі Руслан Шихрагимов – бүгінгі күннің батыры. Оның жасаған ерлігінің арқасында балалар аман қалды. Бұл туралы «ҚазТрансОйл» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

«ПАЗ-320530 маркалы автобус бірінші шағын ауданда тура жол бойында жанып кетті. Ол қала маңындағы бір тұрғын алаптан қалаға қарай келе жатқан беті еді. Бір сәтте автобус жолда тоқтап қалды да капоттың астынан жалындаған өрттің алқызыл тілі көріне бастады. Мен дәл сол кезде көлікті гаражға қою үшін жұмыстан шыққан болатынмын. Автобустан шыққан түтінді де байқап үлгердім де, көліктен атып шықтым. Адамдар жүгіріп келе бастады, біреу: «Автобустың іші толған балалар» деп айқай салды. Ойланып тұруға уақыт болмады. Автобусқа атып кіріп қарасам, балалар артқы жақта үрпиісіп қорқып отыр екен. Мен оларды шығарып, басқаларға бере бастадым. Сол сәтте басқа ер адамдар да көмекке жүгіріп келді. Ең соңында қалған қызды алып шыққан соң, тағы да автобустың ішіне кіріп, ол жерде балалардың қалмағанын тексеріп шықтым. Қалай шықтым, солай автобус қызыл жалынға оранды. Айналадағы адамдар балаларды қауіпсіз жерге апару керек деп шулап жатты. Өйткені автобус кез келген уақытта жарылып кетуі мүмкін, сондықтан балаларды жақын жердегі көлік жуатын орынға алып кетті», – дейді Руслан Шихрагимов.

Русланның айтуынша, 20-дан астам бала болған және олардың барлығы тым кішкентай балабақша жасындағылар екен. Ол өрт сөндірушілерді күтпестен кетіп қалған. Кейін өрт сөндіріледі, оқиғадан ешкім де зардап шекпеді.

Біздің одан «Қорқынышты болған жоқ па?» деген сұрағымызға әріптесіміз ол туралы тіпті ойламағанын айтты. «Ең бастысы – балалар аман және дені сау», - деп жауап берді.

Руслан Шихрагимов «ҚазТрансОйл» АҚ жүйесінде 1990 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бүгінде ол біздің серіктесіміз – «ARLINE SERVISE» ЖШС жүргізушісі. Дәл осы Руслан сынды адамдар балаларды құтқару үшін өз өмірлерін қатерге тігіп, батылдықтың үлгісін көрсете біледі. Бір сөзбен айтқанда, ол біздің заманымыздың батыры.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: