Главная Новости Желмен жұмыс істейтін станция салынады
25 шілде 2019, 16:38 2214

Желмен жұмыс істейтін станция салынады

Желмен жұмыс істейтін станция салынады

"Самұрық-Энерго" АҚ Қазақстанның энергияға тапшы оңтүстік өңірінде жаңартылатын қуат көзінің нысанын салуда. Келешекте 300 МВт-ға дейін кеңейтілетін, қуаты 60 МВт жел-электр станциясы (ЖЭС) Алматы облысының Шелек ауылында орналасатын болады.

Алматы ЖЭО-лары, Қапшағай және Алматы СЭС каскадтары, Есік СЭС-і, Мойнақ СЭС-і, Қаратал СЭС-і өңірдегі электр энергиясының негізгі көздері болып табылады.

Бүгінгі таңда өзінің қуат өндіру көздері болмағандықтан, Алматы облысының электр энергиясына деген қажеттілігін жергілікті қуат көздері 50%-ке ғана қанағаттандырады.

"Шелек дәлізінде жел-электр станциясын салу арқылы парник газдарын (СО2) шығару жылына 206 мың тоннаға азаяды, сондай-ақ жылына 89 мың тонна шартты отын ауыстырылады. Оның үстіне, жел электр станциясы қоршаған ортаға әсер етпей отырып, электр энергиясының қорын толықтыруға мүмкіндік береді", - дейді "Самұрық-Энерго" АҚ жобалау кеңсесінің басшысы Ернұр Жиенбаев.

"Самұрық-Энерго" АҚ еншілес компаниясы – "Энергия Семиречья" ЖШС іске асырудағы нысанның құрылысы кезеңінде 300 жұмыс орны құрылып, станция іске қосылғаннан кейін тұрақты негіздегі 14 жұмыс орны пайда болмақ. ЖЭС жылына 225 750 мың кВтс электр энергиясын өндіреді деп күтілуде. Жобаның аяқталу мерзімі – 2020 жыл.

Атап өтейік, станция жиынтық қуаты 60 МВт болатын 24 жел энергетикалық қондырғыдан, қосалқы станциядан және электр желілерінен тұратыны күтілуде. Нысанның агрегаттары жел станциясын автоматты басқару жүйесіне негізделген аппараттық-бағдарламалық кешен арқылы реттеледі. Бұл моделдің артықшылығы сол, оны суық ауа райы (–30…+43 С), 10 балдық сейсмикалық белсенділік және желдің екпіні II сынып жағдайында пайдалануға болады.

Естеріңізге сала кетейік, "Самұрық-Энерго" АҚ бұған дейін ЖЭК саласындағы 2 жобаны: Қапшағай қаласындағы 2 МВт Күн электр станциясын ("Samruk-Green Energy" ЖШС) және Ерейментау қаласындағы 45 МВт жел-электр станциясын ("БЖЭС" ЖШС) іске асырған болатын.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: