Главная Новости Қазақтелеком мен АЭБУ ынтымақтастықты нығайтады
14 қыркүйек 2022, 16:04 1412

Қазақтелеком мен АЭБУ ынтымақтастықты нығайтады

Қазақтелеком мен АЭБУ ынтымақтастықты нығайтады

«Қазақтелеком» мен Алматы энергетика және байланыс университеті білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Компания үшін бұл отандық жоғары оқу орындары арасындағы білім алмасу және бірлескен білім беру жобаларын ұйымдастыру бағытындағы алтыншы серіктес. Тараптар енді студенттерге теорияны тәжірибе жүзінде сынақтан өткізуге, «Қазақтелеком» қызметкерлері үшін білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және телекоммуникация саласын дамытудың өзекті мәселелерін талқылау үшін түрлі сарапшылық алаңдарды ұсынуға өзара көмектесетін болады.

Айта кету керек, «Қазақтелекомның» техникалық мамандарының қазіргі құрамының басым бөлігі осы Алматы энергетика және байланыс университетінің түлектері. Бұл оқу орны телекоммуникация саласындағы тәжірибелі мамандарды дайындап шығарған ірі қара шаңырақ. Бекітілген меморандум бұған дейін қалыптасқан әріптестікті одан әрі қарай нығайтуға өзара жәрдемдесуді, тәжірибелік алаңдар құруды, телеком-оператордың білікті мамандары қатарынан студенттерді оқыту үшін сарапшыларды тартуды көздейді. Сонымен қатар, тараптар «Қазақтелеком» қызметкерлері үшін білім беру бағдарламаларын бірлесіп әзірлеу, түлектерді тарту, дипломдық және жобалық жұмыстарды, ғылыми диссертацияларды басқару туралы келісті.

«Соңғы уақытта ірі корпорациялардың жалпы әлемдік трендіне сүйене отырып, біз еліміздің жетекші университеттерімен ынтымақтастық тәжірибесін белсенді түрде енгізудеміз. Алматы энергетика және байланыс университеті қызметкерлеріміздің құзыретін дамыту тұрғысынан біз үшін өте маңызды серіктес. Еңбек нарығы жыл сайын кеңейіп келеді, дегенмен белгілі бір бағыттағы техникалық мамандардың жетіспеушілігі әлі де байқалады. Осыған байланысты біз Компанияның ішкі қажеттіліктерін өтеу үшін студенттерді, түлектер мен тағылымдамадан өтушілерді даярлау бағытында көптеген шаралар қабылдап келеміз», – деп атап өтті «Қазақтелеком» АҚ персонал жөніндегі бас директоры Берік Битабаров.

Соңғы 2 жылда компания қызметкерлердің біліміне және олардың IT-құзыретін дамытуға көп көңіл бөлініп келеді. Бүгінгі таңда "Қазақтелеком" қызметкерлердің digital дағдыларын кеңейтуге және студенттік ортадан цифрлық таланттарды тартуға мүдделі. «Қазақтелеком» бірнеше жыл бойы жыл сайын Protelecom студенттеріне арналған тағылымдама бағдарламасын жүзеге асырады, оның қорытындысы бойынша ең белсенді және талантты студенттер ірі телеком-оператор командасының құрамына кіреді. Бүгінгі бекітілген меморандум студенттерді осы Protelecom бағдарламасына тартуды көздей отырып, компаниядағы кадрлық даму жобаларын ілгерілетуге кезекті серпін береді.

«Protelecom-ның негізгі міндеті – біздің ұйымды студенттік кезеңнен бастап білікті кадрлармен қамтамасыз ету. Осы жылы біз бұл тәжірибемізді тереңдете түстік: компания қызметкерлерінің оқушы балаларын ақпараттық технология саласына баулу тәжірибесін бастадық. Осы жазда Алматы және Нұр-сұлтан қалаларындағы IT-лагерьлерде 600-ге жуық бала оқытылды. Телекоммуникация және IT-индустрия қарқынды дамуда, өкінішке орай, қазіргі білім беру бағдарламалары олармен сәйкес келмейді. Сондықтан біз оған қатысуға және тәжірибе алмасуға дайынбыз", – дейді «Қазақтелеком» АҚ Персонал жөніндегі бас директоры Берік Битабаров.

Айта кету керек, Алматы энергетика және байланыс университеті 50 жыл бойы телеком-саласы үшін техникалық мамандарды даярлау бойынша Қазақстандағы жетекші жоғары оқу орны болып табылады. Университеттің студенттерді сапалы біліммен қамтамасыз ету үшін әсерлі материалдық-техникалық базасы бар, оған 100 ғылыми-зерттеу зертханасы, 16 кафедра кіреді, сондай-ақ әлемнің дамыған 106 елінің оқу орындарымен ынтымақтастық жасайды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: